+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Алматыда күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды

2020 жылғы 28 қыркүйек 13:56
Бөлісіңіз:
Алматыда күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тергеуге келген күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әпкелі-сіңлілер пирамидалық чат құрған

Қайғылы оқиға қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ғимаратында 22 қыркүйекте, кешке болған.

Іс материалдарына сәйкес, 44 жастағы Ерлан Қонысбаев 2016 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетінен құны 230 млн теңге болатын грант ұтып алған.

Келісімшартта белгіленген қалған қаражатты қолдануға салынған тыйымға қарамастан Қонысбаев бөгде компаниялардың (аффилириленген) есепшотына 88 млн теңге аударып, нақты ақшаға айналдырып алған.

Ал келісімге сәйкес уағдаласқан жұмыс оырндалмаған.

2020 жылы 22 қыркүйекте одан адвокатының қатысуымен күдікті ретінде сұрақ жауап алынды.

Ерлан Қонысбаевқа ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Тергеу барысында Ерлан Қонысбаевтың бұған дейін бір рет ауыр қылмыс бойынша істі болғаны анықталды.

Сондықтан, тергеуші ҚР ҚК 128-бабы бойынша уақытша оқшаулау орнына қамау туралы шешім шығарған болатын.

Ұстау хаттамасы толтырылып, тінту жүргізіліп жатқанда Ерлан Қонысбаев 5-қабаттағы терезеден секіріп кеткен.

Жедел жәрдем келгенше ол көз жұмды

Қазір ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы дерекке байланысты ішкі тексеру жұмыстарын бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT