Алматыда құдалық пен той өткізгендер жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мониторингтік топтар Алматыдағы 59 нысанды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 11 нысанда карантин талаптарын бұзу анықталды.

Аталған нысандар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөліміне сәйкес 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады. Осындай жағдайлар қайталанатын болса, олардың қызметін сот тәртібімен тоқтата тұру туралы мәселе қойылатын болады.

Алатау ауданында қоғамдық тамақтану нысандарында көп адамның жиналуымен салтанатты үйлену тойлары, банкеттер өткізілген.

Мәселен, қаладағы «AINABAI HALL» мейрамханасында 50 адамға арналған құдалық өткен. Көкқайнар шағын ауданы, Жангелдин көшесі, 2 мекенжайындағы «Томирис» мейрамханасында 40 адамға арналған үйлену тойы өткен.

Алмерек Абыз көшесі, 2 мекенжайында орналасқан «Бодрум» мейрамханасында 70 адамға арналған үйлену тойы өткізілген;

Нұркент ш / а, 5/22 мекенжайындағы «Зере» дүкенінде санитайзерлер жоқ, сатушының қорғаныс маскасы болмаған.

Нұркент шағын ауданы, 5/22 «Happy event» ЖШС-де сатушылар жұмыс орнында қорғаныс маскасынсыз болған, дезинфекциялық кілемшелер жоқ, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер болмай шықты.

Нұркент, ш/а, 5/26 «Алтын Ару» ЖК тәттілер дүкенінде сатушы жұмыс орнында қорғаныс маскасынсыз және қолғапсыз болды, дезинфекциялау кілемшелері мен санитайзерлері жоқ, журналға деректерді енгізе отырып, қызметкерлердің термометриясы жүргізілмеген.

Нұркент шағын ауданы, 5/26 Агибаева ЖК азық-түлік дүкенінде келушілерге арналған санитайзерлер жоқ.

Наурызбай ауданы: Қалқаман 2 шағын ауданы, Әйтей батыр к - сі, 88 мекенжайындағы «Ильхан» салтанат залында 100 адамға арналған той өткізілген.

Алмалы ауданында жұмыс тәртібін бұзған нысандар анықталды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, сағат 23.00-ден кейінгі жұмысқа және кальян сатуға тыйым салынған нысандар «Мята» лаунж бары, «Гранд опера» караокесі, «Finik» дәмханасы жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж.Бекшин Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырып, аурудың өсуінің негізгі себептерінің бірі ретінде тойларды атаған болатын.

«Той өткізушілерге айтатыным: сіздер өздеріңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны жұқтырып алып, оны отбасыларына әкелетін (тарататын) қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай- ақ, тойдың немесе еске алу жиынының қызған шағында мониторингтік топтардың талабы бойынша ол жерден кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыздар», - деген болатын Ж.Бекшин.


Соңғы жаңалықтар