Алматыда куәлігінен айырылса да, мас болып көлік жүргізуді қоймаған 300 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 302 жүргізуші мас күйінде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен айрылса да, рөлге отырғаны үшін 10 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң талаптары күшейтілсе де, кейбір жүргізушілер мас күйінде рөлге отыруды жалғастырып отыр. 2020 жылы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608, 612, 613 бабы бойынша санкциялар қатайтылды. Құқық бұзғандар 20 тәулікке дейін қамалады», - деді қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері алкогольге, токсикологиялық, есірткіге масайып алған 847 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

835 адам сот шешімімен әкімшілік жазаға тартылды.

Одан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 612-бабы 3-бөлімімен көлік айдау құқығынан айрылса да, рөлге отырған 302 жүргізуші жазаланды.

Оларға 10 498 018 теңге айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар