Алматыда көше-жол желілері зерттеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық мобилділік басқармасы «ҚазЖОЛҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп Алматы қаласының көше-жол желілеріне зерттеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай зерттеулер көлік қозғалысын пайдалану көрсеткіштерін (тегіс, ойық, ақаулар, кедір-бұдырлар және т.б.), бейне материалдарды, сондай-ақ жолдың геометриялық параметрлерін жинауға мүмкіндік береді.

«Жылжымалы жол зертханасы - деректерді синхрондау, проблемалы учаскелерді белгілеу және талдау, ойық жолдарды автоматты түрде жіктеу, жол құрылымы қабаттарының серпімді модульдерін анықтау жүйелерімен жабдықталған. Лазерлік сканерлер жолдың ақауларын дәл анықтауға және жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді»,-деп хабарлады басқармадан.

Диагностика жоғары сапалы үш өлшемді кескіндер шығаруға, сондай-ақ қамту профилін құруға, басқа талдау жүйелерін интеграциялау жөніндегі нәтижелерді цифрлық форматта алуға мүмкіндік береді.

«Нәтижесінде мамандар көлік жолдары мен көшелерді инструменталды зерттеудің қорытындыларын алады, соның негізінде жөндеу жұмыстарының тиімді түрлері анықталады. Бұдан өзге, зерттеу жұмыстары қаланың көше-жол желісін басқарудың цифрлық желісін құруға (мәліметтер базасы) мүмкіндік береді әрі сол арқылы қозғалыс жағдайын және қаржылық шығындарды болжауға болады»,-деп атап өтті Алматы қалалық мобилділік басқармасы.


Соңғы жаңалықтар