Алматыда коронавирустан қайтыс болған әйелдің басқа да созылмалы аурулары болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған әйелдің басқа да созылмалы аурулары болған. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасысының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабапрлайды ҚазАқпарат т ілшісі.

Оның айтуынша, пациент байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша аурулары болуына байланысты ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды.

Науқас, атап айтқанда, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардия, артериялық гипертензия дертімен ауыратын.

«Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің – тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуына байланысты прогрессивті түрде нашарлады. 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23.50-де қайтыс болғаны анықталды. Негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы»,-дейді Тілеухан Әбілдаев.



Соңғы жаңалықтар