Алматыда коронавируспен ауырғандар қай жерде оңалтудан тегін өте алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 ауырғандар тегін оңалтудан өте алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, қазір Алматы қаласының емханаларында оңалту бөлімшелері ашылып, жұмыс істеп жатыр.

«Оңалту – хирургиялық операциядан кейін, оның ішінде созылмалы аурулар, жарақат және басқа да сырқат салдарынан күнделікті өмірде функционалдық шектеулерге тап болған жандарды біртіндеп қалпына келтірудің қажетті іс-шаралар кешені. Біздің орталық барлық жастағы адамдарға күнделікті қызметін тоқтатпай немесе қайта бастауға мүмкіндік беретін оңалту қызметтерін ұсынады. Бізде мықты кәсіби команда бар, оның мақсаты - зақымдалған функцияларды барынша қалпына келтіру. Қазіргі уақытта коронавируспен ауырып шыққан науқастарға оңалту жүргізіп жатырмыз» – дейді №4 қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Умарова.

№4 қалалық емханада медициналық оңалту бөлімшесі жұмыс істейді.

COVID-19 пандемиясына байланысты қазіргі уақытта науқастарға оттегі терапиясы, арнайы дренажды массаж, тыныс алу гимнастикасының белгілі бір әдістері, физиотерапия жаттығулары белсенді түрде жүргізіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар