Алматыда коронавирусқа 100 мыңға жуық тест жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусты анықтау бойынша 100 мыңға жуық ПТР-тест тапсырылған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ПТР-диагностика – нәтижені барынша дәл көрсететін диагностика. Қазір қалада 99500 тексеру жасалған. Бұл – республика бойынша ең үздік көрсеткіш. Осы тәсілмен 1848 науқас анықталды», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, зертханалар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Ұлттық сараптама орталығының бөлімшесіне жақында алынған аппарат РНҚ-ны автоматты режимде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл, зертхананың қуатын 40 пайызға арттырды.

Бас санитарлық дәрігер атап өткендей, қазір Алматыда коронавирусты жұқтыру жағдайларының анықталу жиілігі жоғары болып отыр.


Соңғы жаңалықтар