Алматыда коронавирус жұқтырғанына қарамастан кинотеатрға барған қыз айыппұл төлейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «қызыл» мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғұбылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны 14 күндік карантин режимін бұзып, кинотеатрлардың біріне барған. Бірақ QR-кодты сканерлеген кезде қыздың Ashyq қосымшасы «қызыл» мәртебе көрсеткен. Осылайша, ол кинотеатрға кіре алмады»,- дейді Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Тұрғынға қатысты оқшаулау режимін бұзғаны үшін Түрксіб ауданы бойынша санитария дәрігерлері ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Баптың санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

«ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтарды 14 күндік карантин режимін сақтауға шақырамыз. Бұл тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайтуға және «жасыл» аймақта тұрақты түрде қалуға мүмкіндік береді», - деді Сәдуақас Байғабылов.



Соңғы жаңалықтар