Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есе өсті – Жандарбек Бекшин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда соңғы екі аптада вирус жұқтырғандардың саны екі есеге көбейді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 2 аптада коронавирус ауруы 2,1 есе өсті (1143-тен 2377 жағдайға дейін), соңғы тәулікте індет 305 адамнан анықталды, тәуліктік өсім 0,4% -ды ды құрады. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай ағымдағы жылдың 17 маусымынан бастап контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсті, орташа тәуліктік ПТР оң нәтижелері соңғы 7 күнде алдыңғы 7 күнге қарағанда 130-дан 215-ке дейін жетті», - дейді ол.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин 18 маусымнан бастап мутацияланған штамдарға зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

«Коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өсті. Осыған байланысты Алматы қаласында мутацияланған штамдардың болуына зерттеулер жүргізілді, нәтижесінде коронавирус науқастарынан ПТР+ бар 131 үлгінің ішінде мынадай штамдар анықталды: 77-де (59%) альфа (Британдық), 46-да (35%) дельта (Үнді), оның 45-інде соңғы 3 күнде, 2-де (1,5%) гамма (Оңтүстік Африка) және 1-де (0,8%) бетта (Нью-Йорк). Яғни, біржақты қорытынды алынды – егер бұрын эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі альфа штамымен байланысты болса, қазіргі уақытта COVID-19 -дың өсуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген дельта штамынан туындап отыр»,- деді ол.

Жыл басынан бері Алматы қаласында 56 138 адам коронавирус жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар