+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

2021 жылғы 24 маусым 11:56
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 624 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстан қонақүйлерінде 17 мың резервтік төсек-орын дайын тұр СҚО-да той-томалақ тыйылмаған жағдайда демалыс күндеріне локдаун енгізілмек Адамдар тойға бармағаннан өлмейді, тойға барып, вирус жұқтырғаннан өледі - әкім

23 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 186 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 166, симптомсыз – 20 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 73, келіп түскені – 80.

«Инфекциялық стационарларда 624 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 31 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 51 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 19 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 950 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 790 науқас. 160 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT