08:25, 19 Наурыз 2020 | GMT +6
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 18 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді», делінген хабарламада.