+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 98 бала ауруханада жатыр

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:05
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 98 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2 219 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл мәселелері таразыланды Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – министрлік Өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

23 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 547 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 506, симптомсыз – 41 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 229, келіп түскені – 210

«Инфекциялық стационарларда 2 219 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 98 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 223 адам жатыр.

Ал 49 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 91 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 65 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5047 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4898 науқас. 149 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT