Алматыда коронавирус жұқтырған 71 бала ем қабылдап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 71 бала ем қабылдап жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева айтты, деп абарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қаладағы ауруханаларда індет жұқтырған 71 бала жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі - 20 (28%), 1-4 жастағы - 17 (23%) , 5-14 жастағы -24 (33%), 15-18 жастағы - 10-14%). Біз балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына эпидкөрсеткіштер бойынша (егер отбасының барлық мүшелері ауырса) және клиникалық көріністер болған жағдайда жатқызамыз. Ауруханаға жатқызылған балалардың саны жалпы саннан 30% - 35% -дан аспайды»,- дейді дәрігер.

Оның айтуынша, балалар арасында коронавирус инфекцияның өсуі Наурыз мерекелерінен кейін және сәуірде байқалады. Наурыздың 2 аптасында - 72 бала, сәуірде - 176 бала емделді.

1-10 сәуір аралығында 139 бала емделіп шықыт; 11-19 сәуір аралығында 107 бала – шығарылды.

«Эпидемиологиялық анамнезді жинау кезінде (олардың ата-аналарының айтуы бойынша) үй жағдайында белгіленеді. Яғни балалардың инфекциясы бір отбасының ересектерімен тығыз байланыста болады. Біз балалар жаппай ауыра бастады, коронавирус инфекция балалар арасында эпидемиологиялық сипатқа ие болды деп айта алмаймыз. Балалар арасында аурушаңдықтың өсуі ересектер арасында да аурушаңдықтың өсуімен тікелей байланысты»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, ол бүгінгі күні ауруханада жағдайы ауыр балалар жоқ екенін атап өтті. Көп жағдайда ауру асимптоматикалық. SARS – коронавирус инфекцияның клиникалық ағымы мен нәтижелері балаларда анағұрлым қолайлы.

«Біздің стационарға клиникалық белгілері бар науқас балалар жеңіл және кейбір жағдайларда орташа ауыр формада 10% -дан аспайды. Мұның себебі бірдей болып қалады, берілудің негізгі жолы - ауа тамшылары»,-деді Айнұр Уәлиева.


Соңғы жаңалықтар