Алматыда коронавирус жұқтырған 56 бала ауруханада емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1477 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 423 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 394, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 158, келіп түскені – 157

«Инфекциялық стационарларда 1 477 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 179), оның ішінде 56 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 170 адам жатыр.

Ал 32 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 81 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 46 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 433 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 294 науқас.

139 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар