+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 28 бала емделіп жатыр

2021 жылғы 15 маусым 12:03
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 28 бала емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 724 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1677 адамның жағдайы ауыр Матрица: Түркістан облысы ғана «сары» аймақта тұр, өзге өңірлер әлі «қызыл» аймақта

14 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 65 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 52, симптомсыз –7 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 127, келіп түскені – 26.

Инфекциялық стационарларда 724 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 60 адам жатыр. Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 25 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 075 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 868 науқас. 207 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT