Алматыда коронавирус жұқтырған 257 мың адам ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 257 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 46 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –45, келіп түскені – 23. Инфекциялық стационарларда 257 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1 434), оның ішінде 6 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 35 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 11 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 570 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 555 науқас. 15 адамда коронавирус белгісі жоқ.


Соңғы жаңалықтар