Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр
27 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 226 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 219, симптомсыз – 7 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 115, келіп түскені – 119
«Инфекциялық стационарларда 1 052 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 107 адам жатыр.
Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 51 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 369 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2275 науқас. 94 адамда коронавирус белгілері жоқ.