Алматыда коронавирус жұқтырған 175 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2 916 науқас ем қабылдауда. 175 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық инфекциялық стационарда 5 460 төсек-орын бар. Бүгінде оның 54% -ы толық. Қазір ем қабылдап жатқандар саны 2 916 адам. Науқастар саны сағат сайын өзгеріп жатыр. 175 науқас реанимация бөлімінде», - деді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар, ол қалада дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс медициналық құралдарының 2-2,5 айлық қоры бар екенін атап өтті.

Бұған дейін шаһар басшысы COVID-19 вакциналарын жаппай жеткізуге, қабылдауға және сақтауға арналған инфрақұрылымның дайындығын тексергенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар