+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 21 қазан 15:20
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1201 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті Алматыда коронавирусқа шалдыққан 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Алматыда 17 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын алды

20 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 309 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 294, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 99

«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3179), оның ішінде 32 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 133 адам жатыр.

Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 71 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 668 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2566 науқас. 102 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT