Алматыда коронавирус жұқтырған 115 бала ауруханада жатыр
17 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 476, симптомсыз – 73 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 60, келіп түскені – 163.
«Инфекциялық стационарларда 3 134адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 115 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 226 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 618 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 3183 науқас. 435 адамда коронавирус белгілері жоқ.