+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус инфекциясының 15 ошағы анықталды

2020 жылғы 24 наурыз 18:21
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус инфекциясының 15 ошағы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық әкімдігі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 21 адам коронавирус жұқтырды: Жалпы 423 адам індетке шалдыққан Коронавирус: Британдық дәрігерлер алдымен кімді құтқару керектігі туралы нұсқау алды Қарағанды облысында жедел әрекет ету орталығы жұмысын бастады

Құзырлы органдардың хабарлауынша, қазір Алматыда инфекция жұқтырған 29 адам анықталды.

«Пациенттердің барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ. Екеуінің жағдайы - орташа. Бірақ нашарлау белгілері жоқ. Алматыдағы провизорлық емханаларда 672 адам қаралып жатыр, 598 адам карантинге оқшауланған. Үй карантинінде 1549 адам жатыр», - деді әкімдіктен.

Алматыда 15 ауру ошағы анықталған.

Алатау ауданында - 2 ошақ: «Заря Востока» шағын айданы, Сары-ой көшесі, 234; «Аккент» шағын ауданы, 7.

Алмалы ауданында - 4 ошақ: Желтоқсан, 125; Байтұрсынов, 78/1; Жароков, 16; Жароков, 7.

Медеу ауданында - 3 ошақ: Зенков, 59; Достық, 162; Гоголь, 75.

Жетісу ауданында - 2 ошақ: Еңлікгүл, 34а; Волочаевская, 51.

Түрксіб ауданында - 4 ошақ: «Алтай-1» шағын ауданы, 8; «Жас Қанат» шағынауданы, 86, Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63 мекенжайларынан ауру табылды.

Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, барлық ауру ошақтарында эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді.

Дәрігерлер ошақ аймағында тұратын тұлғалардың денсаулығын тексеріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT