Алматыда көпқабатты үйдің жанынан заңсыз салынып жатқан құрылыс нысаны сүрілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінде заңсыз салынған нысан сүрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, Бостандық ауданындағы «Изумруд» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйдің төменгі жағында салынған заңсыз құрылыс нысанына қатысты шағымданған болатын.

«Бөлменің меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру кезінде үйдің оңтүстік жағынан заңсыз ғимарат қосылғаны анықталды. Сонымен қатар, бөлмелердің арасындағы қабырғалар да алынып тасталған», - деді басқармадан.


Барлық жұмыстар сараптамалық жобалық құжаттамасыз жүргізілген.

Арнайы органдардан құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алынбаған.

Сондықтан «Арконстрой» ЖШС ҚР ӘқбК 4-бабымен және «ҚР Сәулет қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Заңының 2-бабымен әкімшілік жазаға тартылды.

Басқарма мамандары мамандандырылған ауданарлық сотына заңсыз құрылыс нысанын сүру туралы шағым түсірді.

28 қазанда мамандандырылған экономикалық ауданаралық соты ғимаратты мәжбүрлеп сүру туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар