Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйде пәтер өртеніп, қарт әйел жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт таңғы 04.09-да тұтанған.

«Өрт сөндірушілер дереу Әуезов ауданындағы 1-шағынаудан, №43 мекенжайына жетті. Олар келгенде үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқан. Тілсіз жау балкон арқылы 4-қабатқа, шатырға өрлеп бара жатты. Қауіпсіз жерге тұрғын үйдің 10 тұрғыны, оның ішінде 3 бала шығарылып үлгерді. Өрт сөндірушілердің әрекетінің арқасында тілсіз жау 34 минутта ауыздықталды» деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге 10 техника мен 30 қызметкер жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдан 80 жастағы қарт әйел жапа шеккен. Жедел жәрдем №7 ауруханаға жеткізілді.

Көршілердің айтуынша, әйел жалғызілікті болған, арасында күтушісі ғана келіп жүрген.


Соңғы жаңалықтар