Алматыда қонақүйде 38 жастағы ер адам жанжал шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қонақүйлерінің бірінде мас ер адам жанжал шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында болған.

«38 жастағы ер адам өзінің сүйіктісімен бірге қонақүй нөмірін жалға алған. Бірнеше сағаттан кейін қонақүй қызметіне көңілі толмаған ол ақшаны қайтаруды талап еткен. Деструктивті діни ағым белгілері бар ер адам мас болған. Ол мекеме қызметкерлеріне былапыт сөздер айтып, дөрекілік танытқан, кетер кезінде ресепшн үстелін тепкен», - деп нақтылады полициядан.

Бұзақының Алматы облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Оған қатысты ӘҚБтК 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Бұл бапта бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар