Алматыда компьютерлік клубтарда алаяқтықпен айналысқан ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әуезов ауданының полицейлері алаяқты ұстады. Ол компьютерлік клубқа келушілердің сеніміне кіріп, адамдарды алдау арқылы тонап кетіп жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 27 жастағы жігіт компьютерлік клубтарда, адамдардың сеніміне кіріп, біреудің мүлкін қолды етуді кәсіпке айналдырған. 1992 жылы туған азамат А. бір айдың ішінде 4 рет ұрлық жасаған.

«Ер адам компьютерлік клубтарға келіп, компьютер үстелінде көп уақыт өткізеді, желілік ойындар ойнады. Онда ол басқа келушілермен танысып, әңгімеге тартып, сенімдеріне кіріп отырған. Кейін азаматтардан қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап алған. Ойыншылар ойланбастан қымбат ұялы телефондарын берген. Ол ғимараттың ішінде байланыс нашар ұстап тұр деп, сыртқа шығып кетіп, қайтып кірмеген», - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Тұрыспаев.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері А-ның жеке басын тексеруде. Басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚРҚК-нің 188-бабына және 190-бабына сәйкес жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар