+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Алматыда көмекке мұқтаж 1,7 мың отбасыға азық-түлік таратылды

2020 жылғы 23 мамыр 09:28
Бөлісіңіз:
Алматыда  көмекке мұқтаж 1,7 мың отбасыға азық-түлік таратылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясының алматылық филиалы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда асарлатып салынып жатқан 114 үйдің алғашқысы пайдалануға берілді Шымкенттің медицина мекемелеріне жаңа көліктер берілді

Партияның алматылық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Абдухалил Долкунтаймен бірлесіп Елбасының бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1 700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізді.

Әр отбасына 30 келі азық-түлік берілді. Онда ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар.

«Елбасы жариялаған #BizBirgemiz акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек көрсету мақсатында қаражат бөліп, 1 700 отбасыға бардық. Бұл акцияға Jas Otan жастар қанатының волонтерлері қосылды. Олар азық-түлікті көрсетілген үйлерге жеткізуге көмектесті. Оларды қажетті қорғаныс құралымен қамтамасыз еттік», - деді Д. Абдухалил

Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, ІІ топтағы мүгедек қызды тәрбиелеп отырған Рәбиға Әлмағамбетова Елбасының #BizBirgemiz атты игі бастамасына, «Nur Otan» партиясы мен волонтерлерге өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, азық-түлік тарату кезінде барлық санитарлық нормалар сақталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT