Алматыда көліктерімен адамдарды қаққан қос ағайындыға үкім шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы соты 2019 жылдың жазында жаяу жүргіншілерді қасақана басқан екі ағайындыға үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ең үлкен мерзім – 11 жыл 20 жастағы Дінмұхамед Әлікеевке тағайындалды. 25 жастағы оның ағасы – Жандос Әлікеевтің әрекеті «бұзақылық» деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Бірақ сотталушылардың туғандары мен адвокаттар сот шешімімен келіспеді. Олар апелляцияға беруге ниетті.

Еске салайық, өткен жылдың 26 тамызында таңғы сағат 5 шамасында Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінде өзара жанжалдан кейін бір тараптың өкілдері өз қарсыластарын автомобильмен қағып, қылмыс орнынан бой тасалаған болатын. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарап, кейін полиция толық ақпарат таратты. Полиция адамдарды қаққан көліктерді тауып, тәркіледі. Екі көлік ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына айғақзаттар ретінде тіркелді. Одан әрі ұсталған күдіктілер ағайынды екені анықталып, олардың анасы ұлдарының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты.





Соңғы жаңалықтар