Алматыда көлік жөндейтін орыннан өрт шығып, 20 машина жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік жөндейтін нысан отқа оранды. 20-ға жуық көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, 2 ақпан күні кешкі 21:52 шамасында Бостандық ауданы Сәтпаев көшесі, 139 мекенжайында орналасқан көлік жөндейтін орында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде тілсіз жаудың жан-жағындағы өзге де нысандарға жайылу қаупі бар екенін анықтады.

Соңғы мәліметке сенсек, 20 автокөлік жанып кеткен. 4 автомобильге ыстық жалынның әсерінен зақым келген.

Тағы 15 машина эвакуацияланған.

Жалын шарпыған аумақ - 600 шаршы метр. Ал ғимараттың жалпы аумағы - 1300 шаршы метр.

Түнгі 23:09 кезінде өрт ауыздықталып, 23:47 кезінде толық сөндірілді.

От көлік жөндейтін нысанның жанында орналасқан жанармай құю бекетіне жайылмады.

Зардап шеккен ешкім жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар