+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні анықтайтын жүйе іске қосылды

2021 жылғы 28 қазан 11:14
Бөлісіңіз:
Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні анықтайтын жүйе іске қосылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтайтын жүйе іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, көлік тізгініне отырған жүргізушіні іздеудің жаңа технологиясы пайда болды.

«Бүгінгі күні елде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп жатыр. Заң деңгейінде көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді бұл құқық бұзушылық үшін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Өкінішке орай, іс жүзінде сот жүргізуші куәлігінен айырған жүргізуші өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, мас күйінде қайтадан рөлге отыратын жағдай жиі кездеседі. Ал мұндай немқұрайдылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Осыған орай, Алматы полициясының алдыңғы қатардағы бөлімшелерінің жеке құрамы жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіретін бұзушыларды анықтауға және ұстауға жұмылдырылған. Полицияда іске қосылған жаңа қызмет көлік құралын бейнетіркеу жүйесі арқылы анықтағаннан кейін оны жедел ұстау және тоқтату үшін патрульдік жасақтарға деректерді беруге мүмкіндік береді.

«Жазаның бұлтартпас қағидасы туралы тағы бір еске салған жөн. Бүгінде полиция адами факторды жойып, тәртіп бұзушыларды анықтауға, олардың заңсыз әрекеттерін есепке алуға және жауапқа тартуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Жыл басынан 1,5 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сот көлік айдау құқығынан айырды, оның 245-і мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады, тағы 168-і жүргізуші куәлігінен айырылған болса да, мас күйінде рөлге отырған», – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, Алматы қалалық ПД көлік кұралын басқару құқығынан айырыла отырып, көлікті айдау қылмыстық жауапқа әкеп соғатынын ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT