Алматыда көлік банк ғимаратына соғылып, кішкентай баланы қаға жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір-біріне соғылған екі көліктің бірі банк ғимаратын қағып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Бейнекадрде көліктің арбадағы баланы соғып кете жаздағаны түсіп қалған.

Банк қызметкерлері мен клиенттерінен ешкім жапа шекпеді.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жүргізушілердің бірі көлік тізгінінен айрылып қалған.

Жол апатынан 2 жолаушы жарақат алды.

«Олар ауруханаға жеткізілді. Тергеу ісі аясында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір бұл істің мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр», - деді ПД.




Соңғы жаңалықтар