Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көлік айнасын ұрлауға маманданған ұрылар тобы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қызметкерлер арнайы жасақтың сарбаздарымен бірге 32 және 21 жастағы екі жігітті ұстады. Олар Алматы облысының тұрғыны. Жігіттер қымбат көліктерден бірнеше бүйір айнаны ұрлады деген күдікке ілікті. Олар түнде, негізінен қаланың орталық бөлігінде ұрлық жасаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталғандар осындай бес ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Біздің ауданда төрт факті орын алды. Тағы біреуі – Медеу ауданында. Айыпталушылар қаланың барлық жерінде ұрлық жасаған болуы мүмкін. Жаңа эпизодтарды анықтау аяқатламады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Оның айтуынша, ұрланған көлік айнасын сату каналдары анықталып жатыр. Ұсталғандардың бірі бұрын мүлік ұрлағаны үшін сотталған. Бұл топтың қанша уақыт жұмыс істегені толық тексерілетін болады.


Соңғы жаңалықтар