Алматыда көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы құтқарушылары су тасқыны және қар көшкіні кезінде шұғыл атқарылатын іс-әрекеттерді пысықтап жатыр. «Көктем-2020» республикалық екікүндік жаттығу барысында салалық құрылым мамандарының өзара байланысына баса мән берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, негізгі жаттығу Наурызбай және Алатау аудандарындағы 3 учаскеде, Қарғалы өзенінің жағасында жүргізілді. Онда өзен арналары мұз бен шөгінділерден тазартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, су басу қаупі жойылды.

Жалпы, 7 шақырым өзен арналары тазартылып, 403 текше метр қар және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.


«Оқу жаттығуға 300 адам және 52 техника: соның ішінде, ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 100 адам және 5 техника, қаланың азаматтық қорғау қызметтерінен 153 адам, 39 техника және ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 46 адам, 8 техника қатысты»,– деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.



Жүйелі бақылауды ұйымдастыру, су тасқыны салдарын болдырмау және жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында 2019 жылы Төтенше жағдайлар департаменті жиі су басатын 26 учаскені есепке алды. Бүгінгі күні 9 учаскеде су басу қаупі жойылды, қалған 17 учаскеде жалпы ұзындығы 376 шақырым болатын арық желілерін тарту және қайта қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Оқу-жаттығу барысында, Алматы қаласының ТЖД, ҚР Ұлттық ұланның аумақтық бөлімшелері, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, көктем маусымында төтенше жағдайларды жоюға дайын екендіктерін көрсетті.


Соңғы жаңалықтар