+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматыда көгершіндер неден өлгені анықталып жатыр

2020 жылғы 25 наурыз 23:30
Бөлісіңіз:
Алматыда көгершіндер неден өлгені анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда көгершіндердің неден қырылғаны анықталып жатыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгін бізге Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жансыз жатқан әрі әлсіреп құлаған көгершіндерге қатысты фото мен видео материалдар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, көгершіндерді тексеру үшін лабороториялық зерттеу жүргізгелі жатыр», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Комитет өкілі құстардың қырылу себебі зерттеуден кейін ғана жарияланатынын мәлім етті.

Айта кетсек әлеуметтік желіге тараған өлі құстарға қатысты әртүрлі болжам айтылып жатыр. Кейбір қолданушы көгершіндердің өлімін қалада жүргізілген дезинфекциялық жұмыстармен байланыстыруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT