Алматыда қоғамдық жұмысқа тартылғандардың жалақысы көтерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Еңбек» бағдарламасы аясында уақытша жұмыс істейтін жұмыссыздарға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға тартылғандарға ең төменгі жалақы (айына 63,350 теңге) төленетін.

«Төтенше жағдайға байланысты жеке ұйымдардың қызметі тоқтап тұр. Сәйкесінше, жұмыссыздар саны көбеюде. Әлеуметтік қолдау және халықты қоғамдық жұмыстарға тарту мақсатында басқарма басшысының бұйрығымен қоғамдық жұмыстарға қатысушының жалақысы көтерілді. Айына 85 мың теңге мөлшерінде бекітілді», – деді Диляра Иманқұлова.

Жалпы қоғамдық жұмысқа 12 мың адамды жіберу жоспарланған.Қазіргі уақытта 2290 жұмысшы тартылды.

« Бұл тек көшелерді, саябақтарды, алаңдарды тазарту ғана емес, мұнда еріктілер қызметі де қарастырылған. Яғни, қарттар мен мүгедектерге қарау сияқты басқа да жұмыс түрлері бар», – деді ол.


Соңғы жаңалықтар