Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 52 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікте маска режимін бұзған 52 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мониторинг топ өкілдері 108 автобус пен троллейбуста маска режимінің сақталуын тексерді.

Эпидемиологтардың айтуынша, қоғамдық көлік коронавирусты жұқтыруы мүмкін орындардың қатарында және тексерушілердің жұмысы күшейтілген. Олар жолаушылар мен көлік жүргізушілерінің масканы дұрыс тағуын қадағалайды.

Мысалы, 13-14 қыркүйекте Алматыда жүргізілген тексерулер кезінде ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтамағаны үшін 52 жеке және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Екі күн ішінде 222-ден астам автобуста мониторинг жүргізілді. №34, 36, 72, 73, 102, 135, 217, 120,25,65,66,5,19,66,141,29, 202,78,23,47,118,16,67,11 қала бағыттарында бұзушылықтар анықталды.

Жалпы, жыл басынан бері қоғамдық көлікте 688 автобусқа мониторинг жүргізілді, жолаушылар арасында 140 ереже бұзушы анықталды.


Соңғы жаңалықтар