Алматыда қоғамдық көлік қысқа қаншалықты дайын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қаладағы қоғамдық көліктің қысқа қаншалықты дайын екендігі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біз барлық автобус парктерімен тығыз жұмыс істеп келеміз. Күн сайын тексеріп тұрамыз. Былтыр алғашқы аяздарда аздаған проблема болды. Биыл бұл қайталанбайды деп ойлаймыз. Қазір тасымалдаушылар 90-95 пайызға қысқы жұмыстарға дайын. Қысқы дөңгелектерді жаңартуға, антифриз құюға, қысқы дизель отынымен қамтуға келісімшартқа отырып жатыр», - деді қалалық Мобильділік басқармасы басшысының өкілі Ерлан Әділов.

«Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Ғани Тәжиевтің айтуынша, ірі тасымалдаушы компания қысқы дайындыққа тамыз айында кірісіп кеткен.

«Аудит жүргіздік. Жылыту жүйесінің техникалық ахуалын тексердік. Біз дайынбыз. 15 қарашада соңғы дайындық жүргізіледі», - деді Ғани Тәжиев.

Соңғы жаңалықтар