Алматыда қоғамдық көлік 19:00-ге дейін жүретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 26 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік кешкі 19:00 дейін жүретін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшылар жүргізген талдауға сәйкес, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 70%-ға төмендеген. Осыған байланысты төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен, қаладағы қоғамдық көлік сағат 06:00 мен 19:00 арасында жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жұмыс істеуін жалғастырған болатын. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.

Еске сала кетсек, астанада автобустың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.


Соңғы жаңалықтар