Алматыда қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты республикалық семинар өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған республикалық семинар онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Практикалық семинар этносаралық қатынастарды реттеудегі тәсілдерді жетілдіру, осы саладағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, этномәдени бірлестік басшылары мен ҚХА өңірлік құрылымдары өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, этномәдени бірлестіктер, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар ұйымдары өкілдері мен студенттер қатысып жатыр.

Семинар барысында этносаралық қатынас мәселелері мен проблемалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен және мүдделі азаматтармен бірлескен жұмысы кеңінен талқыланатын болады.

Іс-шараға қатысушылар түрлі этникалық топтардың табысты өмір сүруінің және өзара іс-қимылының тәжірибесімен бөліседі.

Республикалық семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде.


Соңғы жаңалықтар