Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен республикалық кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары З.Кузиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.Нәбиев, А.Хамедов, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен жастар қатысып жатыр.

«Мен республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен танысу үшін және Ассамблеяның 29-шы сессиясының нәтижелерін талқылау үшін Алматыға арнайы ұшып келдім. Бүгінгі кездесу барысында біз алдағы міндеттерімізді анықтайтын боламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды талқылаймыз «, - деді Марат Әзілханов.

Кеңес шеңберінде ҚХА-ның ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру тұрғысынан Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттерді, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеті жұмысының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктермен бірлескен жобаларды іске асыру барысы пысықталады.


Соңғы жаңалықтар