Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент жолдауын талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутатары А.С.Мурадов, В. Божко, Ю. Тимощенко,Ш. Нуруманов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасының орынбасары А. Сәдуақасова, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

Жиналғандар Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» жолдауындағы айтылған маңызды бағыттарды талқылады.

«Біз маңызды кезеңде кездесіп отырмыз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында қазіргі кезде еліміздің алдында тұрған аса өзекті мәселелерге тоқталып, нақты басымдықтарды ұсынды. Ендігі мақсат – Жолдауды бірлесіп орындау. Қазақстан халқы Ассамблеясы өз құзыреті шеңберінде Жолдауды іске асыру жұмысына белсенді қатысатын болады» , – деді ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта Жолдауды қолдауды Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылатынын, ҚХА-ның барлық құрылымдары Президенттің бастамаларын ілгерілету мен түсіндіруге, сондай-ақ жаңа міндеттерді іске асыруға белсенді түрде қосылатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар