+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе: ғалымдар болжамы

2020 жылғы 20 қаңтар 15:06
Бөлісіңіз:
Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе: ғалымдар болжамы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сейсмология институтының аймақтық сейсмикалық зертханасының меңгерушісі Алла Садықова ғалымдардың жер сілкінісін болжау бойынша қалай жұмыс істеп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш жыл болды біз жер сілкінісін ерте ескерту жүйесінің әдіснамалық негіздерін құру бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Айта кету керек, ертерек алдын ала хабарлау жүйесі адамға немесе тұрғындарға жер сілкінісі болатындығы туралы ескертуді білдірмейді. Бұл бірінші толқын келгенде жүйеге автоматты дабыл береді. Мысалы, пойызды тоқтату, газды, суды, жарықты сөндіру үшін. Алдын ала ескерту жүйесі жер сілкінісін болжауға емес халықтың, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйені автоматтандыру үшін жасалғанын түсіну керек», - деді ол.

Ол жапон ғалымдары қазақстандық әріптестеріне қазір сынақтан өтіп жатқан 5 датчикті сыйға тартқанын атап өтті. Олар сейсмикалық толқынның бірінші бөлігінің келуіне және белгілі бір амплитудаға байланысты болады. Егер құрылғы мекемеде немесе тұрғын үйде орнатылған болса, дабыл қосылып, жер сілкінісінің екінші толқыны келе жатқанын хабарлайды.

«Егер жер сілкінісі туралы айтатын болсақ, онда сейсмология институтында 30 жыл бойы болжамдық комиссия жұмыс істеп келеді. Бұл комиссияның негізгі міндеті - жер сілкінісі туралы болжам жасауға тырысу, яғни ол 7 балл немесе одан да көп болса. Ал үстірттің әлсіз тербелістерін (5 баллға дейін) тіпті болжай алмаймыз. Алматы аумағындағы желі геофизикалық параметрлердегі барлық аномальды өзгерістерді байқай аламайды. Біз Алматының айналысындағы белсенді жерлерді көрсете отырып, бірнеше жылға ұзақ мерзімді болжам жасаймыз.

Сонымен қатар орта мерзімді болжамды жыл сайын әзірлейміз. Қаңтардың аяғында және ақпанның басында біз 2019 жылдың материалдарын негізге ала отырып 2020 жылға болжам жасаймыз. 2020 жылы 7 балл немесе одан да жоғары, MPV магнитудасы – 5,6 болатын жер сілкінісі болама ма, соған болжам жасаймыз»,– деді Алла Садықова.

Ол Алматы қаласының сейсмоқауіпті аймақта орналасқанын және білінер-білінбес жерасты дүмпулері жиі болып тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, аймақта Верный, Шелек, Кеминс кезінде күшті жер сілкінісі болғанын тілге тиек етті.

«Одан бері 100-130 жыл өтті. Тыныштық кезеңі аяқталады, жақын аралықта белсенділік кезеңі басталады. Бұл жөнінде уақытылы хабардар боламыз деп үміттенеміз, бірақ Алматы тұрғындары мен барлық күш құрылымдары бұл жер тербелісіне кез-келген уақытта дайын болуы керек. Біз жер сілкінісі қаупі бар аймақта өмір сүріп жатырмыз», - деп атап өтті ғалым.

Еске салайық, бірнеше күнде алматылықтар бірқатар жер сілкінісін сезді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Ғылым, Жер сілкінісі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT