Алматыда қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауып тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түстен кейін күн күркіреп, нөсер жауын жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып ағып жатыр.

Кеше Төтенше жағдайлар департаменті 24 маусым күні қалада нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейтінін ескерткен болатын.

«Маусым айының соңында түнде ауа температурасының ауытқуы күтіледі. Түнде +15, күндіз +38°С дейін. Ал, шілденің бірінші онкүндігінде түнде ауа температурасы көтеріледі. Түнде +11-ден +25°С-қа дейін, күндіз +31-ден +42°С-қа дейін ыстық болады», - деп хабарлады Қазгидрометтен.

Шілдеде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады деп күтілуде, ай ішінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар