Алматыда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қаңтар айының карантин шараларын сақтау бойынша 332 рейд жүргізілген. Бұл туралы қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиында журналистер эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қалада карантин күшейтіле ме деген сұрақ қойды.
«Бұл бағытта қандай шаралар қабылданатындығы пысықталуда. Жаңа шектеу шаралары туралы кейін айтатын боламыз», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, 2021 жылдың 1-26 қаңтар аралығында 332 рейд жүргізіліп, 2544 нысанда 180 (7%) заңбұзушылық анықталған. Осы бағытта 107 хаттама толтырылды, оның ішінде 29 заңды тұлғаға 10 399 105 теңге айыппұл салынған. Ал 78 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін 3 412 890 теңге айыппұл салынды.
ҚР ӘқбК 462-бабының 3-тармағымен 12 материал сотқа берілді.
Еске салсақ, 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.- Қызылорда облысында карантин шаралары жұмсарды
- СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді
- Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады
- Карантин: Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
-
Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке барады
-
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам