Алматыда карантин күшейтіле ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында «Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Егер карантинді күшейту шарасы туралы айтатын болсақ, мәселе жағдай одан әрі нашарласа және инфекциялық стационарларға жатқызу дерегі көбейген кезде қаралады», – деп жауап берді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, қалада эпидемия басталғалы бері 39 655 адам коронавирус жұқтырған. 2021 жылдың наурызында 9 525 жағдай, соңғы тәулікте 717 адам тіркелді.

Бұған дейін, департаменттегілер Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлап бара жатқанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар