Алматыда карантин кезінде той болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Адамдар көп жиналған шара «Райский сад» мейрамханасында өткен. Бұл туралы ҚазАқпарат almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы» телеарнасының тілшілері қала әкімдігі жанындағы бақылау тобымен бірге Алмарасан шатқалы, Бостандық ауданында өтіп жатқан тойдың үстінен түскен.

Қалада енгізілген шектеулерге қарамастан, «Райский сад» мейрамханасында қыз ұзату тойы өтіп жатқан. Видеода көрсетілгендей, тойға жиналған қонақтар бақылау тобының қызметкерлерін көре сала маска таға бастаған. Енді тойхана иесіне ірі көлемде айыппұл салынады. Хаттама толтырылып, қонақтар дереу үйлеріне қайтарылды.

Еске салайық, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты 5 шілдеден бастап қалада қосымша шектеулер енгізілді. Карантин ережелерін сақтамағандар, оны бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады.

Соңғы жаңалықтар