Алматыда карантин кезінде 2 мың адам жұмыссыздыққа өтініш берген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин мерзімінде 2 мың адам жұмыссыздық мәртебесін алуға өтініш берген. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық халықты жұмыспен қамту Орталығының директоры Диляра Иманқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Орталық мамандары карантин кезінде жұмыссыз қалған адамдар санына қатысты мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл уақытта кеңес сұрап хабарласқан адам көп.

Мемлекет жұмысынан айрылған тұлғаларға табысының 40 пайызы көлемінде жәрдемақы төлейді. Бұл жәрдемақы жұмысшының 24 ай немесе жарты жылда төленіп тұрған төлемдерінен алынады. Одан бөлек бұл адамдарға уақытша жұмыс тауып береміз. Яғни, ол уақытша жұмыс істеп, табысынан айрылған тұлға ретінде жәрдемақы ала алады», - деді Диляра Иманқұлова.

Оның айтуынша, қазір орталыққа 2000 адам өтініш білдірген.

«Олардың 882-сі жұмыссыз мәртебесін алды. Төтенше жағдай кезінде 49 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 26-сына - тұрақты жұмыс, 23-іне уақытша жұмыс тауып бердік. Күніне 50-60 адам кеңес сұрап хабарласады», - деді Диляра Иманқұлова.


Соңғы жаңалықтар