Алматыда қар жауды: Таңертең 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы ауа райының күрт бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Бұл үндеу, көлік құралын басқаратын қаланың жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарындағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Полиция өкілінің айтуынша, жедел басқару орталығына бүгін таңертеңгі 08:00-ден бастап «102» пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түскен. Бұған дейін күн райын болжаушылар Алматыда ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар