Алматыда қар көшкіні қаупі сақталып тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қар көшкіні қаупі бар. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қалада жауын-шашын болу мүмкіндігіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,-делінген синоптиктердің хабарламасында.

Осыған дейін ҚазАқпарат Алматыда 7 қар көшкіні болғандығын хабарлады.



Соңғы жаңалықтар