Алматыда қаңтар оқиғасында зардап шеккен 379 кәсіпкерге өтемақы төленді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен бизнеске қаржылай қолдаудың жалпы сомасы 2 029 313 422 теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта комиссия жалпы сомасы 2 029 313 422 теңгеге 755 өтінімді қарады, онда мемлекеттік бюджеттен 1 274 398 461 теңге сомаға 379 өтінім қаржыландырылды. Қалғанын «Жаңа Алатау» және «Күш бірлікте» қорлары қаржыландырады», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Айтуар Қошмамбетов ҚР Президентінің шұғыл көмек көрсету жөніндегі тапсырмасы аясында бизнеске шығынның барлық санаттары үшін 10 млн теңгеге дейінгі төлем сомасымен жеңілдетілген есеп бойынша шығынды өтеуді жүзеге асыру, сондай-ақ «жабдық» санаты үшін оңайлатылған тетікті қолдану және адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеудің орнын толтыру ұсынылғанын атап өтті.

Бұл шаралар өтінімді қарау мерзімін бір айдан екі аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар