Алматыда қанша медицина қызметкері коронавируспен ауырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемия басталғалы бері Алматының 1600 медициналық қызметкері коронавируспен ауырды. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қортындысы бойынша, 1600-ден астам медициналық қызметкер тіркелді. Оның ішінде 1400-ден астамы — коронавирус инфекциясын жұқтырған және 200-ден астам этиологиясы белгісіз пневмонияға шалдыққандар. 900-ден астам жағдай кәсіби қызметпен байланысты болды. Бұл коронавирус инфекциясы мен этиологиясы анықталмаған пневмония», - деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, қалада тәулігіне 15670 сараптама жасайтын 26 ПТР зертхана жұмыс істейді.

«Алдағы уақытта олардың қуаттылығы тәулігіне 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ, тәулігіне 3 248 сараптамалық өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді»,- деді спикер.


Соңғы жаңалықтар